Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ-ші Халықаралық театр фестивалі шет елде үлкен резонанс тудырып, мәдени гуманитарлық ықпалдастықты жандандыра түседі - ҚР мәдениет вице-министрі

АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстан басшылығының Орта Азия елдерімен байланысты нығайтудағы жемісті қызметі, біздің халықтар арасындағы рухани бірігудің позитивті факторы болып табылады. Бұл туралы кеше Алматыда ҚР мәдениет вице-министрі Асқар Бөрібаев Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ-ші Халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бұған дейін өткізілген форум бүгінгі заманғы театр өнерінің ең үздік жетістіктерімен таныстырып ғана қойған жоқ, қатысушы елдер арасындағы мәдени алмасудың көпіріне айналды, ал, шығармашылық ұжымдар қосымша шабыт пен жаңаруға стимул алды. "Біздің мәдени қарым-қатынасымыздың жақсы перспективалық дамуы бар және жылдан-жылға жақсы дәстүрге айналып келеді. Осы жылы да өнер сүйер қауым тағы да әр қилы, әлемдік және ұлттық классиканы, тарихи және заманауи драматургияда қойылған қойылымдарды көруге мүмкіндік алады. Биылғы феситиваль шет елде үлкен резонанс тудырып, мәдени гуманитарлық ықпалдастықты жандандыра түседі деген сенімдемін", деп атап өтті Асқар Бөрібаев.

Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры Еркін Жуасбек:"Өткен жылғы қырғыз және татар сахна шеберлерінің өте жақсы жұмыстары есімде. Биыл да қызықты көңілімнен шығатын қойылым көремін деген үмітпен Астанадан әдейі келіп отырмын. Бұл фестиваль театрлар мен театрлар арасындағы қарым-қатынасты орнатуға, шығармашылық ізденуге, жаңа есімдерді шығуына, актерлардың шеберліктерін байқауға, театр саласындағы жаңалықтармен танысуға мүмкіндік беретін, біз үшін өте маңызды шара, тіпті өте қажетті шара десем болады. Дағдарысқа қарамастан Мәдениет министрлігінің бұл шараны өткізіп жатқандығы бізді қуантады. Болашақта қойылымдар мен қатысушылардың саны өсіп, көбейеді деген сенімдемін", деп атап өтті ол.

Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековтың пікірінше, мәдени шараны кең ауқымды түрде насихаттау қажет. "Фестиваль кәсіпқойлар үшін сөзсіз қажетті шара. Ол ең алдымен театр өнерінің дамуына қажетті шара. Бүгінде бұл тәжірибе, пікір алмасу, жаңалықтармен бөлісу алаңына айналып отыр. Біз жаңа репертуарлармен танысып қана қоймай, өзге елдердің театр өмірі және қызметімен таныса аламыз", деді ол.

Дулат Исабеков сонымен қатар, фестиваль репертуары жайында көзқарасымен бөлісті. "Мұнда ескі қойылымдар ұсынылған. Менің пікірімше, репертуарлар кеңірек болуы керек еді. Өкінішке орай, бүгінгі тақырыпта ештеңе жоқ. Замандастар қайда? Өзіміз қайда? Сахнада соны көргіміз келеді. Ол жоқ емес, бар. Сол бар дүниелерді әкелмегендеріне таң қалып отырмын", деп атап өтті ол.

Байқау жеңімпаздарын, құрамында театртанушылар, актерлер, режиссерлер, драматургтар, суретшілер және фестивальге қатысушы елдердің шығармашылық зиялы қауым өкілдері бар арнайы жасақталған қазылар алқасы 13 номинация бойынша белгілейді. Қазылар алқасын ҚР Мәдениет министрлігі бекітті. Оның бір мүшесін Қазақстан театр қайраткерлері одағы ұсынады.

Фестиваль мамыр айының 30-на дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар