14:14, 04 Мамыр 2017 | GMT +5
Орталық Азияда тағы да жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылдың 4 мамыр күні Алматы уақытымен 12 сағат 52 минут 26 секундта жер сілкінісін тіркеді.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 608 шақырым жерде Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.9. MPV магнитудасы - 4.4. Тереңдігі - 5 шақырым. Жер сілкінісі ошағының координаттары 39.51° с.е. 71.54° ш.б. МSК-64 бағаны бойынша дүмпудің сезілуі туралы ақпарат жоқ», - деді СТӘЭ.
Бұрын хабарланғандай , Тәжікстан аумағында бір тәулікте үш рет жер сілкінді.