Орталық Азиядағы ХКҰ басшысы Мәжіліске келді

Мейманмен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев және аталған комитеттің мүшесі Кәрібай Мұсырман кездесті. Онда Қазақстандағы ішкі және сыртқы көші-қон жағдайы әңгіменің басты тақырыбына айналды. Д.Кесерович елімізде соңғы 25 жыл ішінде осы мәселе бойынша үлкен жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Әңгіме барысында бұл тұста жетістіктер мен қатар оларды шешу үшін жаңа тәсілдерді талап ететін сұрақтардың бар екендігі де ашық айтылды.
Депутаттар ХКҰ-ның Қазақстан үшін маңыздылығын атап өте отырып, Ұйымның елімізге әлеуметтік және экономикалық салаларындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді деген үміт білдірді.
Орталық Азиядағы ХКҰ басшысы Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастыққа, оның ішінде парламенттік байланыс тұрғысынан да дайын екендігін сендірді.