Орталық Азиядағы соңғы кездерде орын алған оқиғаларды ескерсек, Қазақстанның жауапкершілігі мен тартымдылығы арта түседі - Қ. Тоқаев

А. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Орталық Азиядағы соңғы кездерде орын алған оқиғаларды және қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда ескерсек, Қазақстанның жауапкершілігі мен тартымдылығы арта түседі.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестері және көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру перспективалары» тақырыбына арналған ғылыми-практикалық конференция барысында сөз сөйлеген Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті.

«Дүниежүзіндегі қоғамдық үрдістердің оның ішінде көші-қон процестерінің қарқынды жаһандануы заманында миграция мәселелерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру кез келген мемлекет үшін көкейкесті екені айқын. Еліміздегі этносаралық келісім мен өзара түсініктің қамтамасыз етілуі және әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің артуы арқасында Қазақстан әлемдік көші-қон процестерінің белсенді қатысушысына айналып отыр. Әсіресе, Орталық Азиядағы соңғы кездерде орын алған оқиғаларды және қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда ескерсек, еліміздің жауапкершілігі мен тартымдылығы одан сайын арта түседі», деді Қ. Тоқаев.

Сонымен бірге, Төраға елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон үдерістерін реттеу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналғанын айта келе, бұл ретте мемлекет тарапынан тиісті шараларға баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Спикердің айтуынша, Қазақстанда осы салада тиімді саясат қалыптастыруға бағытталған заңнамалық база толық құрылған деп айтуға негіз бар. «Еліміздегі үдемелі индустрияландыру саясатын іске асыру жұмыстарының табысты болуы көптеген жағдайда еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Осындай жағдайда мемлекетіміздің ашық көші-қон саясатын әрі қарай жетілдіру мақсатында, елімізге жоғары білікті мамандардың келуіне жағдай жасау біз үшін аса маңызды», деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар