15:33, 15 Шілде 2022 | GMT +5
Орталық ғылыми кітапхананы Ұлттық ғылым академиясына беру мүмкін емес - Асхат Аймағамбетов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық ғылыми кітапхананы ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрылымына беру мүмкін емес. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұрынғы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрамында болған Орталық ғылыми кітапхана Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы №84 қаулысымен «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрамына енгізілген. Бүгінгі күні Орталық ғылыми кітапхана кәсіпорынның жетекші құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, Орталық ғылыми кітапхананы «ҚР ҰҒА» республикалық қоғамдық ұйымының құрылымына беру мүмкін емес», - деп атап өтеді министр жауабында.