Орталық коммуникациялар қызметі модератор іздестіріп жатыр

Орталық коммуникациялар қызметінің коммуникациялар басқармасының бас сарапшысы қызметіне және модератор тізгініне 23-30 жас аралығындағы ер азамат таңдалуда.
Бұл қызметке үміткерлерге бірнеше талап қойылады.
Айталық, үміткерден жоғары кәсіби білім (әлеуметтік немесе гуманитарлық ғылымдар), журналистика немесе БАҚ-та кем дегенде 2 жыл тәжірибесі, қазақ тілінен басқа, орыс және ағылшын тілдерін білу талап етіледі. Сондай-ақ, өзге тілдерді де білсе артықтығы жоқ. Дикциясы қойылған, өз ойын сенімді жеткізе білу және оны іске асыруға қабілеті болу қажет.
Бұдан басқа, ҚР Конституциясын, заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді анықтайтын негізгі құжаттарды және инфокоммуникациялық қоғамның негізгі бағыттарын білуі қажет.
Біліктілік талаптары қатарында ағымдағы әлеуметтік-саяси оқиғалардың мониторингі мен талдау жүргізе білу, копирайтингтік дағдылары көрсетілген.
Үміткер ұйымдастырушылық, стресстік төзімділік, шығармашылық, жауапкершілік және командада жұмыс істей білу секілді жеке қасиеті болы керек.
Кастинг 19 сәуір күні сағат 17.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесіндегі 4 ғимарат Казмедиа орталығында өтеді.
Түйіндемені «Кастинг» тақырыбымен info@ortcom.kz поштасына жолдау керек. Қосымша сұрақтарға жауапты 8 (7172) 559338, 559333 нөмірінен білуге болады.