Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ақмола жұртшылығымен кездесті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған жұмыс тобы Ақмола облысында болып, жұртшылықпен сайлау процесі мәселелері жөнінде бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Көкшетау қаласында өткен кездесуге саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, блогерлер, өңірдің аудандық және қалалық сайлау комитеттерінің мүшелері қатысты. Онда жергілікті қоғамдастық өкілдерінің елдің сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.

Кездесуге қатысушылар барлық деңгейдегі әкімдердің тікелей сайлауын өткізуді, сайлаушылардың сайлауға қатысқаны үшін жауапкершілігін, партиялық тізімдегі әйелдер үшін квотаны ұлғайтуды, байқаушыларды тұрақты оқытуды, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын, азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуына кепілдікті қамтамасыз етуді қолдады.

Бұдан басқа, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында мажоритарлық және аралас сайлау жүйесін енгізу, электрондық дауыс беруді енгізу, әкімдікке кандидаттарға қатысты талаптар туралы, жоғары білімнің және мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде, сондай-ақ сайлау процесінің басқа да бірқатар өзекті мәселелері бойынша пікірталас өтті.

Кездесуге жиналғандар өңір жұртшылығының өкілдері кездесу үшін Орталық сайлау комиссиясының басшылығына ризашылығын білдіріп, ел Президентінің «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі бастамаларын қолдайтынын атап өтті.

Осы ретте Нұрлан Әбдіров кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, байқаушылардың ғана емес, сайлау процесіне басқа да қатысушылардың электоралдық мәдениетін арттыру қажеттігін, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының өзара іс-қимыл үшін ашық екенін және кездесуде айтылған электоралдық процесті жетілдіру жөніндегі барлық ұсыныстарды қарауға дайын екенін айтты.

Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, Ақмола облысы орталық сайлау комиссиясының жұмыс тобы барып отырған бесінші өңір. Бұған дейін олар Қызылорда, Атырау, Түркістан, Ақтөбе облыстарында болып, жұртшылықтың пікірлері мен ұсыныстарына құлақ түрген.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру міндетін қойды. Ондағы жаңару барлық салаларға қатысты. Еліміз реформалар қарсаңында тұр, соның ішінде саяси реформалар бар. Өзгерістер сайлау жүйесіне де әсер етеді. Сондықтан біз бүгін осы саладағы мәселелерді бірге талқылау үшін келдік. Біздің басты мақсатымыз – сайлау үдерісін жақсарту бойынша сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды тыңдау», - деді Нұрлан Әбдіров.

Кездесуде ақмолалықтар ҮЕҰ және басқа да азаматтық секторларға өз кандидаттарын ұсынуға мүмкіндік беру туралы сауалдарын қойды.

Сонымен бірге, Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Орталық сайлау комиссиясының жұмыс тобы Ақкөл ауданында болып, жергілікті халықпен бірқатар кездесулер өткізді.


Соңғы жаңалықтар