Орташа жылдамдық: ереже бұзғандарды анықтау жүйесі сынақ режімінде

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ішкі істер министрлігі республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықты анықтауға қатысты түсінік берді.

Орташа жылдамдық: ереже бұзғандарды анықтау жүйесі сынақ режімінде
Фото: pexels.com

— Былтыр желтоқсан айынан бастап халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда камералар орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі әзірге сынақ түрінде жұмыс істеп тұр.  Сондықтан қандай да бір нәтижелермен бөлісу әзірге ертерек, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Еске салсақ, 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап бейне камералар жолдардағы орташа жылдамдықты тіркей бастады

Жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты.

Бұған дейін қала ішіндегі жолдарда орташа жылдамдықты бақылайтын жүйе орнатылмайтыны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар