09:10, 03 Қазан 2013 | GMT +5
Өртенген автобустан 14 адам қауіпсіз жерге шығарылды, бір әйел ауруханаға жатқызылды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Қостөбе ауылында сәрсенбі күні Сарыкемер-Тараз бағыты бойынша жүріп бара жатқан жолаушылар автобусынан өрт шықты,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Өрт 25 минуттан кейін ауыздықталды. 14 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ Жамбыл облысы өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамының 7 адамы қатысты.
Өрт салдарынан күйік шалған 58 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды.