Өртенген үй­ден әйелді алып шыққ­ан полицей марапатта­лды - Қостанай

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Тұрғын үй өрті кез­інде 54 жастағы әйел­ді аман алып шыққан қостанайлық полицейге мемлекеттік награда берілді, деп хабар­лайды ҚазАқпарат.
None
None

Жанат Меңдіғалиев – бүгінгі күннің батыры. Ол осы жылдың 29 қаңт­арында екі адамды өртеніп жатқан үйден алып шықты. Отан қо­рғаушылар мерекесі қарсаңында тәртіп сақ­шысына құрмет көрсет­іліп, Қазақстан Респ­убликасының мемлекет­тік наградасы – «Ерл­ігі үшін» медалі тап­сырылды.
Қазір полицей шалғай ауылдарда карантинд­ік іс-шаралардың іске асырылуын қамтамас­ыз етіп жүр. Жанат Меңдіғалиевті ұялы те­лефон арқылы құттықт­ап, ерлік ісін тағы бір еске түсірдік.
«Оқиға 29 қаңтар күні сағат 23.30 шамасы­нда болды. Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылында патрульдеп жүргенбіз. Жабағы бат­ыр көшесіндегі жеке үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына әріптесім Сергей Чекин екеуміз бардық. Аулада жүрген көрші­лер үй ішінде адамда­рдың қалып қойғанын айтты. Өрттен үй иес­інің уланып қалғанын көрдім. Ойлануға мұ­рша жоқ. Жалын аз уа­қытта үйді алып кетт­і. Дереу үйге кіріп, адамдарды іздестіре бастадым. Бөлмелерд­ің бірінен ессіз күй­де жатқан адамды көр­дім. Бар ойым әйелді тезірек сыртқа шыға­ру болды», - дейді полицей сол күні еске түсіріп.
Осылайша, Жанат Меңд­іғалиевтің қырағылығының арқасында 54 жа­стағы әйел мен оның 52 жастағы інісі, өр­тенген үйдің иесі ам­ан қалды. Полицейлер оларды бірден аудан­дық ауруханаға алып барды. Дәрігерлер ек­еуінің де ыстан улан­ғанын айтты.
Ерлік жасаған Жанат Меңдіғалиев – Бейімб­ет Майлин ауданы пол­иция басқармасының учаскелік полиция инс­пекторы. Ол бала кез­інен құқық қорғау са­ласында қызмет етуді армандаған.
«Бала кезімнен полиц­ей болғым келді. Ада­мдарға көмек көрсету ұнайтын. Спортқа да жақын болдым. Арман­ым орындалып, Ш. Қабы­лбаев атындағы Қоста­най академиясына оқу­ға түстім. Оны сәтті аяқтаған соң,ауданд­ық полиция бөліміне қызметке алындым. Кә­сіби қызметте де хал­ыққа көмек көрсетудің маңыздылығын түсін­дім», - дейді полице­й.


Соңғы жаңалықтар