Өртенген үйден інісін аман алып шыққан 10 жасар Артур өскенде құтқарушы болам деп шешті

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысы ТЖД 10 жасар ержүрек баланы марапаттады. 

ержүрек бала
Фото: ТЖМ

Артур Гаитов өзін батыр деп санамайды, алайда үйінен өрт шыққан қиын сәттегі әрекеті кез келген құрметке лайық.

медаль
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдай басталғанда ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған.

Сосын бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен.

Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған ол сол кезде гипспен жүрген.

Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ақылжанов ТЖ министрінің жарлығымен 10 жасар батырға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады.

Айтпақшы, оқушы болашақта құтқарушы боламын деп шешті.

Соңғы жаңалықтар