Орынборда «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» халықаралық еске алу шарасы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қазанда Орынборда Мәскеу үшін шайқас күндеріне арналған «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» халықаралық еске алу шарасы басталады. Оны «Еуразия халықтарының достастығы» автономиялық коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырады.
None
None

Панфиловшылардың ерлігіне арналған халықаралық акция Ресейдің Челябі, Екатеринбург, Новосібір, Уфа, Мәскеу қалаларында өтеді.

Атақты Панфилов дивизиясы Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындарынан құралып, Ресей халқымен байланыстырды. 24 қазанда Орынборда төмендегідей шаралар өтеді: «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» халықаралық еске алу шарасының салтанатты түрде ашылуы («Салют, Победа!» саябағы). Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, студенттер, кадет училищесінің оқушылары, Мәскеу, Челябі, Қазақстан және Қырғызстаннан баратын (400 адамға дейін) делегация қатысады. Шара аясында «Ұлы Отан соғысындағы халықтардың әскери бауырластығы» халықаралық дөңгелек үстелі өтеді. Онда майдан хаттары, мұрағат құжаттары, кітаптар, майдан жерлерінен табылған заттар қойылатын көрме ұйымдастырылады. Сондай-ақ Орынбор губернаторлық тарихи өлкетану мұражайын аралау ұйымдастырылады. Мұнда Орынбор аумағында соғыс жылдары құрастырылған 14 дивизияның әскери тулары қойылады.

Соңғы жаңалықтар