Орыс ұлты жастары арасында «Тіл- парасат» байқауы өтті - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Мемлекеттік тілді меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін өсіру мақсатында орыс ұлтының жастары арасында «Тіл - парасат» атты байқау өткізілді.
None
None

Мемлекеттік тілдің қолдану беделін арттыруға бағытталған сайысқа он талапкер қатысты.

Байқау шартына сәйкес олар берілген тақырыпқа ауызша тұсаукесер жасап, эссе жазудан және үй тапсырмасы бойынша өз білімдерін көрсетуден сынға түсті.

Сайыс қорытындысымен І орынды №16 мектептің 11-сынып оқушысы Светлана Коваленко жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алса, жүлделі ІІ, ІІІ орындарды №266 мектеп-лицейдің оқушылары Валерий Ходжаев пен Олег Ачкасов иеленді.

Соңғы жаңалықтар