Осака метросында ақау шығып, ЭКСПО-ға келгендер кете алмай қалды

АСТАНА.KAZINFORM — Осакадағы 2025 жылғы Дүниежүзілік көрме алаңына қызмет көрсететін жалғыз метро желісі сәрсенбі күні электр қуатының үзілуіне байланысты жұмысын тоқтатып, көптеген келушілерді тығырыққа тіреді, деп хабарлайды NHK World-Japan арнасы.  

Осака метросында ақау шығып, ЭКСПО-ға келгендер кете алмай қалды
Фото: Japan Rail Pass

Сағат 21:30 шамасында метро желісі жұмысын тоқтатты. Электр қуатының өшіп қалу себебі белгісіз.

Көрме өтетін жерге ең жақын станция жабылып, көп адам шыға алмай қалды.

Бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 1:30–да аяғы жарақаттанған бір адам және өзін нашар сезініп шағымданған тағы 33 адам ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Үйлеріне қайта алмаған кейбір келушілер уақытша баспана ретінде орнатылған павильондарда түнеді.

Осака префектурасының үкіметі мен көрмені ұйымдастырушылар су мен азық-түлік үлестірді.

NHK арнасының хабарлауынша, келушілердің бірі өзінің отбасымен бірге көрменің символы саналатын үлкен ағаш құрылымның астында ұйықтағанын айтты. Ол кейбір мейрамханалар мен павильондар әлі жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

2025 жылғы Дүниежүзілік көрменің Жапония қауымдастығы павильондар бейсенбі күні сағат 10:00–де әдеттегіден бір сағат кеш ашылатынын хабарлады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған қазақстандық делегация Осакадағы Дүниежүзілік Expo 2025-тегі Қазақстанның Ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысу үшін ресми сапармен Жапонияға барды.

Соңғы жаңалықтар