Осал топтағы жастарды қоғамға қайта бейімдеу маңызды - Олжас Соғымбай

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай Жастар жылына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Олжас Соғымбайдың айтуынша, Жастар жылы жаңа мүмкіндіктер жылы деп айтуға толық негіз бар. Өйткені жастардың биылғы зор мүмкіндіктерді пайдаланып, жаңа жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндіктері бар.

«Меніңше, кез-келген проблемалық мәселені шешу үшін, ол мәселені нақты проблема тудыратын мәселе деп мойындауымыз керек. Өңірдегі 85 мың жастың арасында түрлі әлеуметтік проблемалар кездеседі. Біздің міндет, осы осал топтағы жастарды қоғамға қайта бейімдеу. Бұл маңызды деп білеміз. Бүгінде «Жастар тәжірбиесі», «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы 2020», «7-20-25» мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен насихаттап жатырмыз. Сондай-ақ, Елбасы ұсынған «Жас сарбаз» еріктілер жобасы аясында да тиісті жұмыстар жасалуда»,-деді Олжас Соғымбай.

Сонымен қатар, ол Семей қаласы бойынша науқандық акцияларды мейлінше азайтып, тиісінше жастардың әлеуметтік мәселелерінің оң шешімін табуы үшін жұмыс жасайтындарын айтты.

Айта кетейік, бүгінде Семей қаласы бойынша 85 мың жас азаматтар тіркелген.

Соңғы жаңалықтар