Ошта ұшақтың апатты қонуы салдарынан 6 адам ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның оңтүстігінде Boeing-737 ұшағының апатты қонуы кезінде алты адам зардап шекті, деп хабарлады «Россия 24» телеарнасы.
None
None

Әртүрлі жарақаттарымен олар Ош облысаралық ауруханасына жеткізілді, екі зардап шегуші медициналық көмектен бас тартты.

Қрасноярскіден ұшып шыққан қырғыздың «Авиатрафик» авиакомпаниясының борты Ош әуежайына қонуға мәжбүр болды. Көрінім нашар болуынан ол «жолақтың сыртына» қонды. Ұшақ қону кезінде қанаты мен шассиін сындырып алды. Кеме бортында 159 адам болды - олар үрлемелі траптардың көмегімен шығарылды.

Соңғы жаңалықтар