Осы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтетіні белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі 2-8 желтоқсан аралығындағы спорттық іс-шаралар кестесін жариялады.

семсерлесу
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

3-9 желтоқсан — Пара жүзуден әлемдік кезең жарысына әлемнің 15 елінен 150 спортшы қатысады. Ел намысын 5 отандасымыз қорғайды. 

Өтетін орны: Мысыр, Каир қаласы. 

3-10 желтоқсан – Гандболдан Азия чемпионаты Сары құрлық додасында Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. 

Өтетін орны: Үндістан, Нью-Дели қаласы. 

4-10 желтоқсан — Спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді. Ел құрамасынан 8 спортшы өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Сербия, Нови-Сад қаласы. 

5-7 желтоқсан — Семсерлесуден халықаралық «Гран-При» турнирі өтеді. Турнирге Қазақстан құрамасының 8 спортшысы қатысады.

Өтетін орны: Франция, Орлеан қаласы. 

5-8 желтоқсан — Дзюдодан Grand Slam турнирі Қазақстан құрамасынан 6 палуан жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Жапония, Токио қаласы. 

5-8 желтоқсан — Құсбегіліктен республикалық турнир өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 70 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Алматы қаласы. 

6-15 желтоқсан — Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік додада 5 спортшымыз сынға түседі. 

Өтетін орны: Бахрейн, Манама қаласы.

Бұған дейін Алматы облысында джиу-джитсудан 300 татами шебері бақ сынағаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар