Осы аптадағы кино жаңалықтары
АСТАНА. KAZINFORM — Осы аптада отандық киноқоржын үш жаңа туындымен толықты. Көрермен көптен күткен комедия мен драманы тоғыстырған фильмдер экранға жол тартты. Сонымен қатар кинотеатр репертуарында шетелдік хоррорлар мен шытырман оқиғалы драмалар да бар. Балаларға арналған қызықты сюжетте құрылған мультфильмдер де аз емес.
Kazinform тілшісінің шолуында осы аптадағы ең басты кинопремьераларды ұсынамыз.
Коллаж: Kazinform / Kinopoisk.ru
1+3
Жанры: комедия
Ұзақтығы: 93 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Дархан Сәркенов
Омар - өте бай, беделді, дәулетті бизнесмен. Бірақ ол өмірден баз кешкен адам, өйткені мүгедектер арбасына таңылған. Тағдырына мойынсұнғысы келмейді, бірақ амалы жоқ. Оған үміт сыйлайтын бір ғана жан бар, махаббаты! Омар сүйгенін көру үшін Ташкентке барады. Осы сапары оның өмірін түбегейлі өзгертеді. Ол Бақтияр, Сыдық, Жомарт есімді жігіттермен кездейсоқ танысады. Бұл таныстықтың соңы әр кейіпкердің өміріне өзгеріс алып келеді.
Мұғалім
Жанры: комедия, драма
Ұзақтығы: 95 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Аяна Нурдинова
Балқаш қаласында музыка пәнінің мұғалімі Жандос тұрады. Ол үлкен қалаға көшуді армандайды. Оны оқушылары жақсы көреді, ал мектеп басшылығы қосымша табыс табу үшін істейтін жұмысына көз жұма қарайды. Көп ұзамай Жандосқа үлкен қалаға кетуге мүмкіндік туады. Енді ол үшін не маңызды екенін таңдауы керек.
Қызыл Раушан
Жанры: драма, экшн
Ұзақтығы: 85 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Қуат Ибрагимов
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары. Екі көршілес ауыл тұрғындарының арасында қақтығыс өршиді. Әскерден оралған Бәкір сүйіктісі Раушанмен қайта қауышып, қалаға оқуға кетіп, жаңа өмір бастауды армандайды. Алайда ағасы Шәкірдің жоспары басқа еді. Бәкір енді махаббаты, арманы мен ағасының кегі арасынан таңдау жасауға мәжбүр болады.
Марина Влади
Жанры: драма, мелодрама, тарих
Ұзақтығы: 100 минут
Ел: Франция-Венгрия-КСРО, 2017
Олег Борецкийдің киноклубы. Француз актрисасы Марина Влади жайлы тарихи фильм. Ол Роберто Росселлини, Жан-Пьер Мельвиль, Жюль Дассен және Марко Феррери сынды танымал режиссерлердің фильмдерінде ойнаған. Актрисаның экрандағы тартымдылығы тек сұлулығымен емес, нәзік болмысымен және драмалық образдарды шебер сомдауымен ерекшеленді. Марина Влади кейпікер тағдырын экранда әсерлі жеткізіп, көрерменге ұмытылмас образдар қалдырды.
Менің итім – Гохан, (Мой пес Гохан)
Жанры: драма
Ұзақтығы: 141 минут
Ел: Таиланд, 2026
Режиссер: Чаяноп Бунпракоб, Атта Хемвади, Наттавут Пунпирия
Гохан есімді ақ ит он жыл ішінде үш түрлі адамның үйінде өмір сүреді. Алғашқы иесі — зейнетке шыққан жапон инженері. Кейін оны құжаты жоқ бирмалық үй қызметшісі асырайды. Одан соң Гохан жас тайлық ғашықтардың үйіне келеді. Ит олардың өміріндегі маңызды сәттердің куәсі болып, әрқайсысының тағдырына өзінше әсер етеді.
Сиқырлы қауырсын, (Волшебное перо)
Жанры: шытырман оқиға, мультфильм, фэнтези
Ұзақтығы: 87 минут
Ел: Франция, Бельгия, 2026
Режиссер: Филипп Риш
Жас қиялшыл Провиденстің қолына сиқырлы қауырсын түседі. Ол қауырсынмен жазылған кез келген тілек орындалады. Қыз ең алдымен теңіз шошқасы Пуфикке тіл бітіреді. Алайда Пуфик көңілі толмай жүретін, бәрінен қорқатын болып шығады. Екеуін жер шарын аралайтын таңғажайып әрі қауіпті саяхат күтеді. Жолда олар жаңа достар табады. Бірақ басты міндеттері — әлемді айлакер сиқыршыдан құтқару.
Күлмес ханшайым, (Царевна Несмеяна)
Жанры: шытырман оқиға, отбасылық, фэнтези
Ұзақтығы: 96 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Василий Ровенский
Прагматик Ерема қарындасымен бірге кездейсоқ ертегідегі Тридевятое патшалығына тап болады. Енді ол талай сынақтан өтіп, Күлмес ханшайымды Су патшасынан құтқаруы керек. Осы сапар барысында Ерема алғаш рет өз жүрегіне үңіліп, өзін тануға мүмкіндік алады.
Арахнид
Жанры: ужас, триллер
Ұзақтығы: 86 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Анхель Гомес Эрнандес
Тұрғын үй кешенінің тұрғындары улы өрмекшілердің шабуылына тап болады. Бұл — көрерменнің жасырын қорқыныштарын оятатын үрейлі фильм.
Бірлескен авторлар, (Соавторы)
Жанры: комедия, драма
Ұзақтығы: 86 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Филипп Ларс
Жазушы тағы бір сәтсіз кешті бастан өткереді. Ол басты әдеби сыйлықты тағы да ала алмай қалады. Ал марапаттау рәсімінен кейін оның әмиянын ұрлап кетеді. Кейін қалта ұрысы жәбірленушісінің кім екенін біліп, оның кітабын оқиды да, жазушыдан шәкірт болуға өтінеді. Екеуі де сәтсіз өткен сол кештің өмірлерін түбегейлі өзгертетінін білмейді.
Ымырт. Сага. Жаңа ай, (Сумерки. Сага. Новолуние)
Жанры: штырман оқиға, драма, мелодрама, фэнтези
Ұзақтығы: 130 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Крис Вайц
Вампир Эдвардқа ғашық болған Белла Свон ең ауыр сынаққа тап болады. Эдвард оны вампир кландарының қақтығысынан қорғау үшін кетіп қалады. Белла оның жоғалуын ауыр қабылдап, досы Джейкоб Блэкке жақындай түседі. Алайда Джейкобтың да қауіпті құпиясы бар. Ол вампирлерден де қатал әрі қауіпті тылсым күш иелерінің қатарынан. Көпшіліктің сүйікті махаббат хикаясы қайтадан үлкен экранға шығады.
Веритидің құпия күнделігі, (Тайный дневник Верити)
Жанры: детектив, драма, қылмыс, мелодрама, триллер
Ұзақтығы: 114 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Майкл Шоуолтер
Жұмыс іздеп жүрген жазушы Лоуэн Эшлиге танымал жазушы Верити Кроуфордтың аяқталмаған романдарын жалғастыру ұсынылады. Верити жұмбақ оқиғадан кейін шығармаларын аяқтай алмай қалған. Лоуэн оның жеке жазбаларын тауып алған соң, отбасылық құпияларға тап болады. Енді ол шындық пен ойдан шығарылған дүниенің аражігін ажыратуға тырысады. Осы кезде Лоуэн мен Веритидің күйеуі Джереми арасындағы қарым-қатынас та өзгере бастайды.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.