Осы жылы Трамптың әйелінің өмірі туралы деректі фильм жарыққа шығады

АСТАНА.KAZINFORM - Amazon Prime бүкіл әлем бойынша кинотеатрлар мен стриминг қызметтерінде АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың өмірі туралы деректі фильм көрсетеді, деп хабарлайды FOX 5 Atlanta.

Мелания Трамп
Фото: Wikimedia

Түсірілімі 2024 жылдың желтоқсанында басталған фильм 2025 жылдың екінші жартысында көрсетіледі.

Бірінші ханым Мелания Трамп және New Element Media-дан Фернандо Сулицин атқарушы продюсер, ал RatPac Entertainment-тен Бретт Ратнер режиссер қызметін атқарады.

- Біз бұл бірегей оқиғаны бүкіл әлемдегі миллиондаған көрерменімізбен бөлісуге қуаныштымыз, - деді Amazon өкілі.

Бұл хабарландыру оның алғашқы кітабы «Мелания» жарықа шыққаннан кейін бірнеше ай өткен соң жасалды, ол жарияланғаннан бері New York Times бестселлеріне айналды. Естелікте Мелания Трамптың бұрын жұртшылыққа беймәлім жеке оқиғалары мен отбасылық фотосуреттері бар.

Қараша айында, Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының 47-ші президенті болып сайланғаннан бірнеше күн өткен соң, оның әйелі 2024 жылғы президенттік сайлау науқаны кезіндегі өмірін көрсету үшін сандық фотосуреттер сериясын шығарды.

Өткен жылы Fox News Digital телеарнасына берген сұхбатында Мелания Трамп егер қайтадан бірінші ханым болу құрметіне ие болса, балаларды қолдау үшін олардың әл-ауқаты мен дамуына бағытталған бастамаларға басымдық беруді жалғастыратынын айтты.

Трамптың бірінші әкімшілігі кезінде бірінші ханым өзінің «Ең жақсы бол» бастамасы аясында бала асырап алған отбасылармен виртуалды дөңгелек үстелдер өткізіп, балалардың әл-ауқатын нығайтуға көп көңіл бөлді. Ол Конгресс мүшелерімен колледжге, сауда мектебіне немесе оқуға төлеуге көмектесу үшін патронаттық тәрбиедегі жастарға берілетін гранттарды қаржыландыруды қарастыратын заңнама бойынша жұмыс істеді. Заң жобасына президент Дональд Трамп 2020 жылдың желтоқсан айында қол қойды.

- Мемуарларымды жазу эмоционалды күйзелістерге толы таңғажайып саяхат болды. Әрбір оқиға мені бүгінгі күнім етіп қалыптастырды. Кейде қорқынышты болғанымен, бұл процесс маған күш-қуатымды және өз шындығыммен бөлісу қаншалықты керемет екенін еске түсіріп, жоғары нәтиже берді, - деді Мелания Трамп.

Айта кетейік, Трампқа пара алу ісі бойынша үкім 10 қаңтарда шығады.

Соңғы жаңалықтар