Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ОСК-да мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын қамтамасыз ету жолдары қаралды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысында сайлау құқықтарын толыққанды жүзеге асыруға жағдай жасауға қатысты практикалық мәселелер талқыланды.

Доступность выборов для людей с инвалидностью обсудили в ЦИК РК
Фото: ҚР ОСК

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, шара барысында сайлау алдындағы ақпаратты алудан бастап тікелей дауыс беруге дейінгі барлық кезеңдер қарастырылды.

ОСК-да мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын қамтамасыз ету жолдары қаралды
Фото: ҚР ОСК

Жұмыс тобының отырысына 100-ден аса адам — Жұмыс тобының мүшелері, Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің, саяси партиялардың, ТМД және ЕҚЫҰ ДИАҚБ Сайлауды байқау жөніндегі миссияларының өкілдері қатысты.

ОСК-да мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын қамтамасыз ету жолдары қаралды
Фото: ҚР ОСК

Сондай-ақ, іс-шараға Брайль қарпімен жасалған сапалы әрі қолдануға ыңғайлы трафаретті әзірлеуге елеулі үлес қосқан сарапшылар да қатысты: Жұмыс тобының мүшесі, ҚР Президентінің жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан, Назарбаев Университетінің ассистивті технологиялар және ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі сарапшы-менеджері, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мүшесі, ЕҚЫҰ ДИАҚБ жанындағы мүгедектігі бар адамдардың саяси қатысуы жөніндегі консультативтік кеңестің мүшесі Зият Абилкаимов және Астана қаласының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханасының брайлист маманы Назигүл Қасымбекова қатысты.

ОСК-да мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын қамтамасыз ету жолдары қаралды
Фото: ҚР ОСК

Бұдан бұрын ел бойынша 1 333 сайлау учаскесі мүгедектігі бар адамдарға толық бейімделмегенін жазғанбыз.