ОСК ҚР Президенттікке кандидат Н. Назарбаевтың Конституция мен «ҚР Сайлау туралы» заңы қоятын талаптарға сәйкестігін белгілеу жөнінде қаулы қабылдады

АНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/- Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін белгілеу жөнінде қаулы қабылдады.
None
None

Осы күні Орталық сайлау комиссиясы кандидатқа оның кандидатурасын қолдап, азаматтардың қолын жинау үшін қол қою парақтарын берді. Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдап, расталған қолдардың - 91 мың 10 қолды құрауы тиіс. Қол жинауды кандидаттардың сенім білдірілген адамдары жүргізеді. Қол жинау топтарының саны мен ондағы адамдар саны шектелмейді. Қол қою парақтарының бүлінуі немесе жоғалып қалуы мүмкіндігін ескере отырып, ОСК әрбір кандидатқа 100 мың қол жинауға жететіндей етіп, 5 мың дана қол қою парақтарын береді. Қажет болған жағдайда кандидаттарға тағы қосымша қол қою парақтары беріледі.

Толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, олар бес күн ішінде қолдардың растығын паспорт қызметі қызметкерлерінің қатысуымен тексеріп, тиісті хаттама жасайды және оны Орталық сайлау комиссиясына жібереді. Қолдардың растығын тексеру Президенттікке кандидатқа қажет қолдар расталғанға дейін жүргізіледі. Азаматтардың 91 мың 10 қолы расталғаннан кейін, қалған қолдардың растығы тексерілмейді.

Соңғы жаңалықтар