15:23, 27 Желтоқсан 2011 | GMT +5
ОСК Сенат депутаты Бауыржан Мұхамеджановтың басқа қызметке ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы қабылдады
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаты Бауыржан Мұхамеджановтың басқа қызметке ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, Сенат депутаты Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов Елбасының Жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды.