ОСК учаскелік сайлау комиссияларының құрамына партиялар атынан ұсынылатын кеңесші дауыс беру құқығы бар азаматтарды ұсыну мерзімін ұзартты

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін еліміздегі Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының учаскелік сайлау комиссияларына кеңесші дауыс беру құқығы бар өкілдерді ұсыну мерзіміне қатысты өтінішін қарады.
None
None

Комиссия мүшелері кеңесе келе, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына партиялар атынан ұсынылатын кеңесші дауыс беру құқығы бар азаматтарды ұсыну мерзімін барлық партиялар үшін 2011 жылдың 15-ші желтоқсанына дейін ұзартты.

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында осы мәселеге қатысты баяндама жасаған аталмыш комиссия төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, аймақтық сайлау комиссияларына саяси партиялар атынан учаскелік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын кеңесші дауыс беру құқығы бар азаматтардың тиісті заңдарға сәйкестігін 5 күннің ішінде жедел түрде тексеріп шығуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар