ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Мәжілііс сайлауына ұсынған тізімін тіркеді

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы келесі жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған, Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына үміткер ретінде ұсынылған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының 54 адамнан тұратын тізімін тіркеді.
None
None

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, ЖСДП-ның партиялық тізімінде 5 ұлттың өкілдері бар. Тізімнің 24 пайызы - әйелдер. Тізімдегі азаматтардың 40 пайызының жасы 55-те. Ең жас үміткер 25-те. «Үміткерлердің 96 пайызы жоғары білімді. Олардың үштен біріне жуығы жоғары білімді экономист не заңгер. 25 пайыздан астамы халық шаруашылығындағы түрлі салалар бойынша қызмет етіп жүрген мамандар», - деді ОСК хатшысы.

Оның айтуынша, ЖСДП-нан ұсынылған азаматтардың жартысынан көбі партиялық құрылымдардың немесе басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері. Олардың 18- пайызы коммерциялық ұйымдарда, 7,5 пайызы ғылым, мәдениет және білім салаларында қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар