Оскар Де Ла Хойяның бауыры Головкин мен Альварес жекпе-жегінің андеркардына шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxrec.com мәліметінше, Диего Де Ла Хойя мен Рэнди Кабальероның 10 раундтан тұратын жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің бағдарламасына ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Шоудың басты оқиғасы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегі болмақ. Диего Де Ла Хойя Альварес промоутері Оскар Де Ла Хойяның немерелес інісі болып келеді.

Айта кетейік, бұған дейін кеш андеркардына Антонио Ороско мен Роберто Ортис айқасы енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар