«Оскар» иегері қазақ ақынының өлеңдерін оқып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оскар» және Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» сыйлықтарының иегері Жюльет Бинош Астанаға сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Танымал француз актрисасы біздің елорданы 20 жылдығымен құттақтау үшін келді. Сонымен қатар фестиваль аясында моноспетакльмен өнер көрсетті. Атап айтқанда, Жюльет Бинош қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың «Өлең туралы» және «Сарыарқа» өлеңдерін оқып беріп, жиналған жұртшылықты таңғалдырды. Жалпы, осы жайт француз актрисасы мен қазақ ақынының шығармашылығын құрметтейтін адамдар үшін тосын сый болды», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тегі парақшасында.

nullЖюльет Бинош өз сөзінде Қазақстан туралы позитивті әсер алғанын, сонымен қатар Ұлы Даланың кеңістігі мен Астананың қарқынды сәулеттік идеясы таңғалдырғанын атап өткен.

«Актриса Қазақстан халқының ақ пейіл ниетіне қуанғанын жеткізіп, ұзақ мерзімге біздің елге тағы да сапарлап келуді жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен қатар Жюльет Бинош біздің отандасымыз Самал Еслямованың үлкен жетістігі үшін қуанышты екенін атап өтті», - деп қосты А. Мұхамедиұлы.

nullМинистрдің сөзіне қарағанда, Дүниежүзілік театр фестивалі аясында Астананы 20 жылдық мерейтойымен құттықтау үшін Италия, Ұлыбритания, Литва, Польша, Германия елдерінен танымал әлемдік театрлар келді. Жалпы, түрлі елдерден сапарлап келген 17 театр атақты спектакльдерді ұсынды.

«Астана» ІІ Дүниежүзілік театр фестивалінің жабылу салтанатына «Оскар» сыйлығының иегері, француз актрисасы Жюльет Бинош келетінін бұған дейін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум