«Оскар» сыйлығының үш мәрте иегері енді киноға түспейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық актер Дэниел Дэй-Льюис өзінің өнердегі мансабын аяқтауға шешім қабылдады. Бұл жайлы актердің өкілі хабарлады, деп жазады Variety.

 «Оскар» сыйлығының үш мәрте иегері енді киноға түспейтін болды

Дэниел Дэй-Льюис -  тарихта ең үздік ер адам рөлі үшін «Оскар» сыйлығын үш рет (1990, 2008 және 2013 жылдары) алған жалғыз актер.

Актер өкілінің хабарламасында «Дэй-Льюистің «енді актер ретінде жұмыс істемейтіндігі және қолдау білдіріп келген әріптестері мен көрермендеріне шексіз алғысы » айтылған.

Алайда атақты кино жұлдызы не үшін  өнердегі мансабын аяқтап отырғандығын ашып айтпады.

Фото: Jason Merritt / Getty Images