Өскемен іргесіндегі шаруа қожалығында 450 тонна пішен жанып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының іргесіндегі шаруа қожалығында 450 тонна пішен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен іргесіндегі шаруа қожалығында 450 тонна пішен жанып кетті

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 қазанда Өскемен маңындағы Ново-Явленка кентінде орналасқан шаруа қожалығы аумағында өрт болған. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жеткен.

«450 тонна пішен жанып кетті. Қазіргі уақытта өрттің нақты неден шыққаны белгісіз. Отты ауыздықтауға барлығы 9 адам мен 2 техника тартылды», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңір бойынша 1000 тоннадан астам пішен жанған.

Көп жағдайда өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болуда. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамайтындар да жиі кездеседі.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО құтқарушыларының биыл ғарыштан бақылау арқылы 658 өрттің таралуын уақтылы тежегені хабарланған.