Өскемен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Қайрат Тәнекенов тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Қайрат Тәнекенов
Фото: Өскемен қаласының әкімдігі

Қайрат Әуелбекұлы 1985 жылы 23 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген. 4 жоғары білімі бар. Атап айтқанда, экономика, құқық, техника және көлік құрылысы мамандықтары.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы «АТФ Банк» акционерлік қоғамының несиелеу бөлімінің шағын кәсіпкерлікті несиелеу секторының маманы болып бастады. Жалпы еңбек өтілі – 19 жыл. Оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі 9 жыл 3 айды құрайды. Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 12 жылдан асады.

2015 жылдың желтоқсан айынан 2018 жылдың маусым айына дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, кейін лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылдың қазанынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін Өскемен қаласы қаржы бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

Осы уақытқа дейін Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы болды.

Соңғы жаңалықтар