Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Болатбек Мамарбаев тағайындалды.

Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: Өскемен қаласы әкімдігінен

Болатбек Омарбекұлы 1988 жылы Абай облысы Үржар ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген. Риддер аграрлық-техникалық колледжін «Іс жүргізуді ұйымдастыру және архивтану» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және басқару магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

2009–2011 жылдары Риддер қаласы әкімінің аппаратының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманның ассистенті, 2011–2012 жылдары Риддер қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, 2012–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. 

2014–2020 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы,

2020–2022 жылдары Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды.

2022-2025 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, 2025–2026 жылдары Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі болды.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облыстық садақ ату федерациясының басшысы тағайындалғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум