Өскемен қаласында су тасқыны мерзіміне дайындық басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында аязды күндердің сақталуына қарамастан Өскемен қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері 2016 жылы мүмкін болатын қауіпті су тасқыны кезеңіне тұрғындарды ертерек дайындауда.
None
None

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен хабарлады. Қаланың ТЖ қызметкерлері қалада ықтимал су басу орындарының тұрғындарына нұсқау жүргізуде және су тасқыны кезіндегі өзін ұстау ережелері бойынша жаднама таратуда.

«Қаланың су тасқыны қауіпті учаскілерінде орналасқан тұрғын үйлер ерекше бақылауға алынды. Үйдің аумағындағы мүмкін болатын су тасқынын өз күштерімен қалай болдырмау керектігін адамдарға әрбір рет ескертіп отыру қажет. Үй маңына қардан тазалау жұмысын жүргізіп және су тасқыны қаупі төнген кезде тұрғындардың өзін ұстау туралы тұрғындарға ескертеміз», - деп түсіндірді Өскемен қаласының ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Дастан Ахметов.

Алдағы уақытта күтілетін су тасқынына байланысты Өскемен қаласының ТЖ басқармасы тұрғындарға ескертеді:

Егер де Сіз су тасқыны қауіпті аймақта тұрсаңыз, онда білу қажет:
- еріген қар суын ертерек бұруға қамданып, үй маңындағы су айрықтарды тазалау;

- өзен арнасына өз еркіңізден қоқыс және күл тастамаңыз, ол жерде су кептеліп сәйкесінше мүмкін болатын су тасқынына алып келеді;

- үйдің жанындағы телімді қардан тазалау;

- үйді аумағын қолдан жасалған материалдармен бөгеу (қаптар, грунт, құм, топырақ).

- барлық құнды заттар мен құжаттарды салу, сондай-ақ жылы киімдерді, азық-түлік және су қорын арнайы «дабылды» чемоданға немесе рюкзаққа салып су өтпейтін полиэтиленді дорбаға орау қажет.

Соңғы жаңалықтар