16:36, 26 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Өскемен қаласында жарылыс жұмыстары жүргізіледі - ТЖМ
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өскемен қаласында жарылыс жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

«Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өскемен қаласының тұрғындары назарына, 2011 жылы 26 желтоқсанында сағат 10-00-ден сағат 18-00-ге дейін ЖМК жаңа ауданында жарылыс жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды. Жарылыс жұмыстарын «Востоквзрывпром» ЖШС өткізеді», - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Осыған байланысты жергілікті билік қала тұрғындарынан сабырлылық сақтауларын сұрайды.