16:56, 01 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев ҚР ТЖМ медаліне ие болды
СКЕМЕН. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев ҚР ТЖМ «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгісімен марапатталды. Бұл марапатты ҚР Конституциясын мерекелеуге арналған салтанатты шарада Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев табыс етті.

ҚР ТЖМ медалімен қала әкімі 2010 жылғы көктемдегі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі облыстық жедел штабқа басшылық жасағаны үшін ие болып отыр.