Өскемен қаласының әкімі қаланы қардан тазарту жұмыстарының барысын тексерді

8 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен қаласының әкімдігі қала көшелері мен жолдарын қардан тазалайтын мердігерлік ұйымдарымен келісім шартты бұзбақ ниетте.
None
None

Қала әкімі Ислам Әбішев таңертең облыс орталығының барлық көшелерін аралап, қар тазалайтын техниканың қалай жұмыс істейтінін тексеріп шықты. Жұмыс қорытындысын аппарат отырысында жариялап, сәрсенбі 31-ші қарашаға дейін мердігерлік ұйымдар қала көшелерінде тәртіп орнатпаса, тендер талабын орындамағаны үшін келісім шартты бұзатынын айтты.

Мәселен, «Өскемен-Тәртіп» мекемесінің жолға арналған 140 арнайы техникасының орнына 70-і ғана шықса, жаяужол және аялдамаларды тазалайтын 105 адамның ішінен 70-і ғана жұмыс істейді екен.

Жергілікті өзін-өзі басқару комитетіне сын айтылды. Дүкендердің иелері қарды тазаламай, өздерінің жеріне байланысты ережелерді сақтамайды.

«Жұмыс істегісі келетіндер баршылық, 31 қарашаға дейін тәртіп орнатпасаңдар, тендер талабын орындамағандарың үшін келісім шартты бұзамыз», - деді қала әкімі аппарат отырысында.

Соңғы жаңалықтар