Өскемен қаласының әкімі жедел хабарлама таратты

ӨСКЕМЕН. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше кешқұрым «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының эфирінде Өскемен әкімі Серік Тәукебаев ауа райының қолайсыздығы салдарынан орын алған жағдайға байланысты тұрғындарға жедел ақпарат таратты.
None
None

Әкімнің баспасөз қызметінен хабарланғандай, Серік Тәукебаев өзінің жедел ақпаратында атап өткендей, соңғы күндері Шығыс Қазақстан облысында және қалада толассыз қар жауып, қатты боран ұйытқуда, оған қоса ауа температурасының төмендеуі тіркелуде. Синоптиктердің болжамы бойынша, бұндай ауа райы әлі бірнеше күнге созылады.

Жағдай облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жіті қадағалауында. Облыста және Өскеменде ТЖД штабы құрылып, жұмыс істеуде.

Кеше қала әкімі - Өскемен Азаматтық қорғаныс штабының басшысы табиғаттың салдарынан орын алатын ТЖ-ны жою бойынша шаралар жөнінде бұйрыққа қол қойды.

Осыған байланысты жедел қалалық қызметтер, коммуналдық ұйымдар күшейтілген тәуліктік жұмыс режиміне көшті.

Соңғы жаңалықтар