Өскемен қаласының алғашқы 100 оқушысы «Жас қыран» және «Жас ұлан» республикалық жастар қозғалысының қатарына қабылданды

Салтанатты шара №31 орта мектебінде өтті, бұл жерде 1-4 сынып оқушыларына «Жас қыран», ал басқаларына - «Жас ұлан» төс белгілері мен көгілдір баулары тапсырылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінде.
Білім басқармасының мәліметі бойынша, алғашқы болудың құрметіне оқу үздіктері, пән олимпиадалары мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары ие болды. №26 мектептің 7 сынып оқушысы Нина Хуторная - сондай оқушылардың бірі. «Бұл - үлкен жауапкершілік, өйткені маған өз мектебімнің мүдделерін таныстыру жұмысы тапсырылған», - деп атап өтті ол.
Балаларға мектептің жаңа ұйымының төс белгілерін тапсырған ардагерлер арасында болған тыл еңбеккері Вера Шелкова: «Бұл балаларды дұрыс жолға салатын игі іс болып табылады. Ынтымақтастырып, қажетті бағыт бойынша жүргізетін ұйым болу керек», деп атап өтті.