Өскемен қаласының жеті соғыс ардагері мен 80 дәрігері бүгін жаңа пәтерлер алды

«Тәуелсіздіктің 20 шыңы» аясында өткен үйді салтанатты түрде тапсыруға облыстың және қаланың әкімдері - Бердібек Сапарбаев пен Ислам Әбішев қатысты.
Облыс орталығында тұратын соғыстың жеті қатысушысы жеке үй иелері атанды. Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдрашит Зайнелов өз сөзінде атап өткендей - бұл көптен күткен оқиға болды. «Біздің елімізге - Тәуелсіз Қазақстанға болашақта гүлденуді, табыстар мен жаңа жеңістер тілеймін», - деді ол.
Қызметтік пәтерлерге соңғы отыз жылдың ішінде алғаш рет 80 дәрігер ие болды. Облыстық Ана мен бала орталығының бас дәрігері Рая Рахымова оларға енді кадрлық жетіспеушілік мәселесі қорқынышты еместігін атап өтті. «Менің ұжымымда 11 маман пәтер алды. Олардың артында жүздеген аналар мен балалардың құтқарылған өмірлері тұр. Барлығы үшін үлкен мереке! Тәуелсіздік жылдарының ішінде алғаш рет біздің қаламыздың дәрігерлері пәтер алып жатыр, оның үстіне - 80 адам», - деп білдірді қуанышын облыстың бас педиатр дәрігері.
Естеріңізге сала кетейік, филиал төрағасы, әкім Ислам Әбішев басқарған «Нұр Отан» ХДП саяси бақылау комиссиясының жұмысы медициналық көмек көрсетудің төмен сапалы болуының бір себебі - медициналық кадрлардың жетіспеушілігі екендігін анықтады. Сол кезде 2011 жылы 80 жас дәрігерге пәтерлер мен демеушілердің көмегімен 150 мың теңге көлемінде көтерме ақы беру шешілді.