Өскемен мен Алматы арасындағы жолда қалған 200-ге жуық көлікті полиция алып жүрді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда қатты жел, көктайғақ және жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты 200-ге жуық көлік жолда қалған. 

Жол полициясы
Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті

Полиция қызметкерлері Өскемен-Алматы тасжолындағы қауіпті учаскелерде қалған көліктерді алып жүрді. Жалпы саны 200-ге жуық автокөлік қауіпсіз жерге жеткізілді. 

— Қозғалыс барлық сақтық шараларын сақтай отырып, патрульдік экипаждардың бақылауымен ұйымдасқан колонналармен жүргізілді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда. Қосымша жасақтар жұмылдырылып, төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл орнатылған, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен. 

Осы ретте, полицейлер жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеруге, жылдамдық режимін сақтауға және мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартуға шақырды.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында полицейлер боранды күні 150 көлікті сүйемелдегені хабарланған

Соңғы жаңалықтар