Өскемен сауда орталығында шолақ мылтығы бар ер адам ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қара орталығында өңір полициясы көлігінде 32 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтық алып жүрген жас жігітті ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД ақпаратына сілтеме жасап.
None
None

«Полицияға түскен ақпарат бойынша тексеріс жүргіздік, - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев. - Өздеріңіз білесіздер, қазір «Қару-2017» жедел-алдын алу шарасы жүруде. 20 жастағы жігіт пен оның автокөлігін тексеру барысында 32 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтық табылды және тәркіленді. Сондай-ақ, оның жанынан тағы бір суық қару - пышақ табылды».

Шолақ мылтығы бар автокөлік спорт сарайы жанындағы «Даниэль» сауда үйінің автотұрағына қойылған. Сараптамалар тағайындалып, «Заңсыз қару сақтау» бабы бойынша қылмыстық тергеу жұмыстары басталды. 

Соңғы жаңалықтар