Өскемен саяжайларын маньяк торуылдап жүр – фейк

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы саяжайларды маньяк торуылдап жүргендігі жайлы жалған ақпарат тарап жатыр.

В WhatsApp распространяют фейк от департамента юстиции Павлодарской области
Фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде қала саяжайларын маньяк торуылдап жүргендігі жайлы ақпарат тарап кетті. Онда «Соңғы күндері бірнеше адамның денесі табылды. Олардың барлығы – әйелдер» деп жазылған.

Мұндай ақпараттың тарап кетуіне Өскемендегі саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылғандығы себеп болып отыр. 

«Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Халыққа бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғандығын ескертеміз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар