Өскемен-Семей күре жолында көлік апатынан үш адам қаза тапты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен-Семей күре жолының 178-ші шақырымында үш адамның өмірін қиып әкетіп, төрт адамның жарақат алуына себеп болған жол-көлік оқиғасы орын алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Мазда 626» көлігінің 40 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып, онда қарсы келе жатқан «Рено Дастер» көлігімен соқтығысты.

«Мазда 626» мен «Рено Дастер» көліктерінің соқтығысуы салдарынан бірінші автомобильдің жүргізушісі мен «Рено Дастердің» бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «Мазда 626» көлігінің тағы бір жолаушысы ауруханаға апарар жолда қайтыс болды. «Мазда 626» жеңіл көлігінің тағы үш жолаушысы мен «Рено Дастердің» жүргізушісі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған фактімен ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлімінде қарастырылған қылмыстық өндіріс басталды. Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлады ШҚО ТЖД-нен.

Соңғы жаңалықтар
telegram