12:11, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
«Өскемен-Семей» жолында жолаушылар автобусы жыраға құлап кетті
ӨСКЕМЕН. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше Семей-Өскемен жолының 86 шақырымында жолаушылар автобусы жыраға құлап кетті. Оның себебі аймақта осымен бірнеше күннен бері ауа температурасы күрт жылынып, еріген қардан жолдар көктайғақ болып қалған.
Автобус ішінде 30 жолаушы болған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиғаны естісімен, жолға Семей қаласының құтқарушылары аттанған, алайда олардың көмегі аса қажет болмады, жүргізуші жырадан өзі автобусты шығарып алған.
Жолаушылардың өзі де көлікті итеріп, көмек көрсеткен.
Бұл адам шығыны болмаған сирек оқиғалардың бірі. Төтенше жағдайлар департаменті халықтың жолда жүргенде абай болуларын ескертеді.