13:12, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Өскемен-Шемонаиха тас жолында жеті көлік қар құрсауында қалып қойды
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін түнде Өскемен-Шемонаиха тас жолындағы Березовка-Первомайка учаскесінде жеті көлік қар құрсауында қалып қойды,

олардың ішінде 13 жолаушы мінген «Өскемен-Барнауыл» бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жайсыз ауа райының салдарынан жабылған Өскемен-Серебрянск тас жолында кеше кешке Серебрянск жол полициясы бекетінде 30- шақты автокөліктің шоғырланып қалғаны туралы ақпарат келіп түскен болатын. Ол көліктер кейіннен колоннамен облыс орталығына дейін жеткізілген.