Өскемен су электр станциясы жекешелендіріле ме

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Кейбір нысандарды мемлекеттік сектордан шығару ұсынылған тізім жарияланғаннан кейін Өскемен су электр станциясына қатысты бірқатар сұрақ туындады. 

Өскемен су электр станциясы жекешелендіріле ме
Фото: Kazinform

Ұлттық жекешелендіру кеңсесінің платформасында жарияланған тізімде «Өскемен СЭС» АҚ көрсетілген. Бұл жайт тұрғындар мен энергетика саласының өкілдері арасында түсініспеушілік тудырды.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, тізімде көрсетілген нысанның СЭС-ке қатысы жоқ.

— Тізімдегі акционерлік қоғам — бөлек дербес құрылым. Ол Өскемен СЭС-інің жұмысымен байланысты емес және оның қызметіне еш әсер етпейді, — делінген ақпаратта.

Өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған қолданыстағы су электр станциясы мүлде басқа ұйымның басқаруында.

— Барлық өндірістік нысанның жұмысын «Самұрық-Энерго» холдингіне кіретін «АЭС Өскемен СЭС» ЖШС жүзеге асырады. Станция қалыпты режимде жұмыс істеп тұр және күзгі-қысқы кезеңге толық дайын, — деп хабарлады компаниядан.

Еске салсақ, осыған дейін Аягөзде әлеуметтік үйлерді жекешелендіру мәселесін шешу үшін жұмыс тобы құрылғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар