Өскемен тұрғындары үйлерінің салқындығына шағымданды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары үйлерінің салқындығына шағымданып жатыр. 

отопление
Фото: freepik

Бірнеше көшенің халқы пәтерлерінің бұрынғыға қарағанда айтарлықтай салқындап кеткенін айтып жатыр. Ал ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеген кезде шағымдар күрт көбейген.

Осы мәселеге қатысты Шығыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан жауап берді.

— Келіп түскен өтініштер бойынша «Шығыс жылу» кәсіпорнының қызметкерлері сол жерлерге барып, жылу тасымалдағыштың үйге кіреберістегі көрсеткіштерін өлшеген. Тексеру барысында үйге беріліп жатқан жылу температурасының жоспарлы деңгейде екені анықталғанымен, үйішілік жылу жүйелерінде кемшіліктер бар екені белгілі болды, — дейді басқарма басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек.

Осыған байланысты жүйені жөндеу және ретке келтіру жөнінде тиісті ескертулер берілген. 

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен қаласына не себепті қыста жиі тұман түсетініне қатысты әкімдік өкілдері жауап бергені хабарланған

Соңғы жаңалықтар