Өскемен тұрғындары жерасты дүмпуін сезінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде қатты жерасты дүмпуі сезілді, деп хабарлайды YK-news.kz.

Өскемен тұрғындары жерасты дүмпуін сезінді

Айтарлықтай елеулі жерасты дүмпуін өскемендіктер шамамен таңғы сағат 5:30-да сезінді.

Алматыда да көршілес Қытай елінде болған жер сілкінісі сезілді. Жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 5:27 кезінде болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 490 км жердегі ШҰАӨ аумағында орналасқан. Еуропалық сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің қуаттылығы 6,4 балды құрады.