Өскемен тұрғыны көрінеу жалған шағым бергені үшін жауапкершілікке тартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде 22 жастағы ер адам көрінеу жалған шағым түсіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
None
None

Кеше сағат 5-те «102» нөміріне хабарласқан ер адам бір сағат бұрын «Электр тауарлары» дүкенінің ауданында тоналғанын айтты. Ол белгісіз адамдардың өзіне зорлық көрсетіп, бағасы 100 мың теңге ұялы телефонын алып қойғанын баяндады7

Полиция аталған фактімен қылмыстық іс қозғап, бұл қылмысты ашу бойынша қажетті шаралар жүргізе бастады. Алайда мұқият тексеру кезінде іс жүзінде ешқайдай тонау фактісі орын алмағаны анықталды. Қонақтан ішімдік ішіп оралған ер адам ұялы телефонын таксидің ішінде ұмытып кеткен. Телефонын қалтасынан таппаған соң, полицияға хабарласып, оның ұрланғаны туралы хабарлаған.

Полицейлер аталған клиентке қызмет көрсеткен таксиді анықтап, тауып алды. Телефон табылып, иесіне қайтарылды. 22 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабымен (қылмыстың жасалғаны туралы көрінеу жалған шағым) қарастырылған қылмыстық өндіріс қозғалды. Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ШҚО ІІД-нен.

Соңғы жаңалықтар