20:24, 08 Шілде 2010 | GMT +5
Өскемен жанында «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша оралмандарға арналған ауылдың құрылысы басталды
СКЕМЕН. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменнің Новоявленка ауылы маңында «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша оралмандарға арналған ауылдың құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Биылғы жылдың күзіне қарай 363 отбасы үй жанында учаскесі бар жеке үйлерге қоныстанады, көктем кезінде 280 орындық балабақша мен 600 орындық мектеп пайдалануға берілмек.