Өскемен жасыл желекке орануда

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Былтыр Өскеменнің төңірегінде қолға алынған «Жасыл желек» жобасы биыл да жалғасын табады. Былтыр тау етегіне 5 гектардай жерге емен мен үйеңкі тұқымдары себілген Шешек асуында кеше болып қайтқан қала әкімі Ислам Әбішев осыны мәлім етті.
None
None

Бүгінде емендер 20 см бой көтеріп, үйеңкі және басқа да ағаштар тамыр алып, өнеркәсіпті Өскеменді айналдыра қолға алынып отырған жоба өз нәтижесін беріп келеді. «Жақын күндері біз төңіректегі басқа таулы жерлерге басқа ағаштардың тұқымдарын себуге кірісеміз. Қаламызды айналдыра көгалдандыруды мақсат еткен осынау игі шараға барша тұрғындарды атсалысуға шақырамын», деді Әбішев.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жобаның басты мақсаты - қала айналасындағы тау етектерін көгалдандыру. Ғылыми жобаның авторы - Абай геолого-экологиялық институтының директоры Ержан Сапарғалиевтың пікірінше, бұл шара металлургиялық орталықтың экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар