Өскемен жылу орталығындағы ақау: Тағы бір қазандық іске қосылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында ақау шыққан жылу электр орталығында тағы бір қазандық іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемендегі жылу электр орталығынан мәлім еткендей, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілген қазандықтардың бірі іске қосылған.

«Орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тағы бір қазандық іске қосылды. Соның нәтижесінде, желілік судың температурасы көтерілді. Дәл қазіргі сәтте судың температурасы 95 градусты құрап отыр», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, 27 қарашада Өскемендегі жылу электр орталығынан ақау шыққан. Онда 7 қазандық пен 6 турбоагрегат бар.

2 қазандық агрегаты кестеге сәйкес жөндеуден өтіп жатқаны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар